00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Психолог ерлер мен әйелдер достығының айырмашылығын түсіндірді

25.02.2023 | 04:05
Елорда ақпарат
69

Психологтың айтуынша, ер мен әйелдің достықтан күтері  әртүрлі. Адамдар көбінесе өздері сенетін, уақытты бірге көңілді өткізетін, жақын тұратын немесе сырт келбеті өзінікіне ұқсас адаммен дос болады. МакЭндрюдің пікірінше, әсіресе отбасынан жырақта жүрген адамдардың достығы бағалы. 

Психологтың айтуынша, ерлер әдетте досым көп деп мақтанады, алайда шынайы жақын дос деп санаулы адамдарды атай алады. Ал әйелдер бұл ұғымға терең мағына береді. Зерттеуге сәйкес, ер адамдар достарының бай, әлеуметтік мәртебесі жоғары болғанын қалайды. Бұл оларға жақсы серік табуға көмектеседі. Ал әйелдер үшін бастысы – эмоционалдық қолдау (әсіресе серігіңмен арадағы кикілжіңдерді шешу кезінде дейді психолог).

Маманның пікірінше, достыққа деген бұл көзқарастың түп төркіні ертеден бастау алады. Бұрындары ерлер топ болып саяхаттап, шапқыншылықтарға бірге қатысқан. Ал әйелдер үйде қалып, азық жинап, балаларға қараған. Дәрігердің ойынша, дәл осы себепті де ерлер физикалық тұрғыда күшті, батыл адамдарды бағалайды. Ал әйелдер ертеден өз отбасын тастап, өмірлік серігінің тайпасына көшкен. Оларға өзі сияқты отбасынан жырақта жүрген әйелдермен қарым-қатынас орнатуға тура келген. 

Все новости