00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«17 жыл күткен мәһр»: Танымал актер әйеліне тосынсый жасады

29.05.2024 | 16:29
Олжас Сүлейменов
139
«17 жыл күткен мәһр»: Танымал актер әйеліне тосынсый жасады
Фото: ашық дереккөз

«Өнер қырандары» театрының басшысы Мадияр Серікбаев келіншегі Дана Тұрарбекке тосынсый жасап, жаңа көлік сыйлады. Актердің келіншегі бұл сыйлықты 17 жыл бұрын мәһрге сұраған екен, деп хабарлады Elorda.info.

Қуанышы қойнына сыймаған Дана Тұрарбек бұл жаңалықты бірден оқырмандарына жеткізді. Актердің әйелі Instagram-дағы парақшасында ерекше отбасылық видео жариялап, елді сүйсінтті.

Бейнежазбада Мадияр Серікбаев балаларымен бірге келіншегіне тосынсый жасап, жаңа көлік тарту еткен. Мұндай тосынсыйды күтпеген Дана Тұрарбек қуанышын жасыра алмай, жылап жіберді. Айтуынша, ол бұл сыйлықты 17 жыл күткен.

«17 жыл күткен мәһр. Асыл жарым тосынсый жасап, көлік сыйлады. Алғашқы тұлпарыммен құттықтап қойсаңыздар болады», - деп жазды Дана Тұрарбек.

Все новости