00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

8 наурызда Нұр-Сұлтанда қайда демалуға болады

25.02.2023 | 02:05
Елорда ақпарат
87

Табиғат аясындағы серуен

8 наурызды басқа бір жерде атап өту – ерекше идея.

Отандық түрлі туристік операторлар 8 наурыз қарсаңындағы үш күндік демалыс кезінде Бурабайға бір, екі, үш күндік сапар ұйымдастырады. Оның бағдарламасына Шортанды, Бурабай көлдерін, Абылай хан алаңын, Бөлектау, Жұмбақтас, Оқжетпес тауларын, Санта Клаус резиденциясын тамашалау кіреді. 

Сонымен қатар Зерендіге бір немесе екі күндік сапармен барып қайтуға болады. Онда шаңғы, сноуборд, шана, коньки теуіп, көбелек музейін тамашалай аласыз. Музейде жергілікті ғана емес, басқа елдерде де тіршілік ететін 2 мыңдай көбелек түрі бар.

Баянауылға барып, Қоңыр-Әулие үңгірін көріп, Жасыбай мен Торайғыр көлінің тамаша табиғатын тамашалап, таза ауада серуендеуге болады.

Концерттер

8 наурыз күні «Астана» концерт залында «Шымкент шоу» театрының әзіл кеші, Тұңғыш президент музейінде үлкен Stand Up концерті, конгресс орталықта Раим мен Садраддиннің, Qazaqstan орталық концерт залында Мейрамбек Беспаев пен Ғазизхан Шекербековтің ән кеші өтеді.

Сондай-ақ осы күні Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрының артистері мен симфониялық оркестрі «Тыңда» музыкалық кешін ұсынады. Сахнада Еркеғали Рахмадиев, Шәмші Қалдаяқов, Абай, Нұрғиса Тілендиев, Құрманғазы қалдырған музыкалық туындылар орындалады.

Все новости