00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бүгін «Қасіретті қаңтар. Тәртіпсіздіктер» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді

25.02.2023 | 01:54
Елорда ақпарат
69

Жоба Қазақстандағы қаңтар оқиғасы туралы фильмдер циклінің үшінші бөлімі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Хабар» агенттігі «Қасіретті қаңтар. Оқиға қалай өрбіді» және «Қасіретті қаңтар. Мародерлар» фильмдерін көрсетті. Бірінші бөлім қаңтар оқиғаларының толық хронологиясына негізделсе, екіншісі мародерлар туралы жаңа фактілерді көрермен назарына ұсынды.

Қасіретті қаңтар туралы деректі фильмдер топтамасының кезекті бөлімі оқиға куәгерлерінің эксклюзивті сұхбаттарына негізделген.

Біз жаппай тәртіпсіздік, сондай-ақ қару-жарақты ұрлау баптары бойынша күдікті болған және сотталған азаматтардан сұхбат алдық. Олар оқиғаларға көзқарастарын білдіріп, тәртіпсіздіктің өзіндік хронологиясымен бөлісті. Түсірілім барысында полицейлерге шабуыл жасаған, әкімдікті қиратқан, арматураны әкелген адамдардың пікірлерін тыңдадық, - дейді жоба авторы Айгүл Әділова.

«Қасіретті қаңтар. Тәртіпсіздіктер» деректі фильмінің көрсетілімін бүгін, 3 наурыз күні, сағат 20:30-да «Хабар» телеарнасынан көре аласыздар.

Все новости