Қазақтың бүгінге дейін сақталған дәстүрлері
![](/img/articles/uploads/621e0385453ad774833176_ba55f44f2a.jpg)
Көшпелі өмір салты қазақтар арасында көптеген салт-дәстүрдің пайда болуына және сақталуына түрткі болды. Олардың біразы бүгінге дейін сақталған. Түрлі өзгеріс енгізілсе де, кейбірі бастапқы мән-мағынасынан ажырамай келеді.
Ат тергеу
Қазақта жаңадан түскен келін күйеуінің отбасы мүшелерін, туыстарын, әсіресе атасы мен енесін атымен атамаған. Керісінше ат тергеп, оларды басқаша атайтын болған. Келген келін жаңа отбасының әр мүшесіне қайынағасы мен інілеріне, әпке-cіңлілеріне «Жәудіркөз», «Көркем», «Ерке қыз», «Батыр бала», «Бұзық жігіт» деген сияқты ат қойған. Жас келіннің әдептен аттамай, күйеуінің туыстарын атымен атамауы кішіпейілділік, сыйластық, ізеттілік сияқты қасиеттердің көрінісі ретінде бағаланады.
Құлақ тесу
Халқымыз қыз баланың құлағын тесіп, сырға салады. Бойжеткеннің немесе балиғат жасына толған қыздың құлағын тесу үшін жеңгелері мен әпкелері жиналады. Құлақты біраз уқалап, жанын кетіріп, сосын инемен тесетін болған. Құлағын тесу – қыз бала өміріндегі маңызды күндердің бірі. Үлкендер құлағы тесілген қыздарға «Сен енді сырғалы қызсың» деп, бойжеткен ретінде қараған.
Иткөйлек
Иткөйлек – сәбидің қырқынан шығарылғанша киетін көйлегі. Сәбидің денесіне батпауы үшін тігісі сыртына қаратылып тігіледі. Кейде иткөйлекті көп жасаған адамның киімінің қалдығынан да тігеді екен. Иткөйлекті кең үлкен етіп тігуі нәрестенің жақсы өсіп, жасының ұзақ болуын тілеуден туған.
Баланы қырқынан шығаратын күні киген иткөйлегіне түрлі тәтті дәм салып, бір иттің мойнына байлайды. Оны ауыл балалары қуып жетіп, иткөйлекке түйілген тәттілерді бөліп алады да, иткөйлекті иесіне қайта тапсырады.
Шаш өру
Қазақ халқы шашы кесілген қыздың бақыты кесіледі деп ырымдап, кішкентай күнінен қыздың шашын қимаған. Ал шаш өру дәстүрі жай ғана қыздың шашын жинап қою үшін емес, өзінің мағынасымен қадірлі. Мысалы, тұрмысқа шықпаған қыздар шашын тек бір өрім етіп жүрген деген деректер бар. Ал тұрмысқа шығып, келін атанғанда шашын екі бөліп, өреді деседі. Энциклопедиялық деректерде бағзы заманда еріне опасыздық жасаған немесе өте ауыр қылмыс істеген әйелдердің бұрымын кесу жазасы қолданылыпты.
Орамал беру
Қазақ қызы әдетте сезімін ашық айтпайды. Себебі бұл ерте кезден әдепсіздеу амал ретінде саналған. Оның орнына қазақ қыздары орамалын көңілі қалаған жігітке сыйлайтын болған. Ұсынылған орамал қыздың салт аттыға көңілі барын білдіреді.
Тілашар
Бұл дістүр бала алғаш сөйлей бастағанда жасалады. Баланың ата-анасы үйге сөзге шешен адамды шақырып, балаға таныс сөздерді айтқызатын болған. Егер бала үлкеннің айтқанын қайталаса, бұл жақсы белгі болып саналды. Тілашар – баланың ұстазды алғаш көруіне, білімге ұмтылуына арналған ізгі амалдың бірі.
![](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Президент Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![Қазақстан азаматтығын алуға байланысты емтихан ережелері әзірленді](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![Алматы облысының полицейлері 2 млн теңгенің вейптерін тәркіледі](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Түлектердің 77%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды](/img/articles/6778ba4a359c379ff5e10d5768a60b8f.jpg)
![Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады](/img/articles/b9e28b1bf1b1f53943ba925d9c588e84.jpg)
![Елімізде цифрлық ғылыми портал іске қосылды](/img/articles/8c705c2be80b04a07b1767ec2464086e.jpeg)
![Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі жеткізумен айналысқандар ұсталды](/img/articles/641c1ee0e4b228a221ba81a7ab86b7aa.jpg)
![Дина Төлепберген: 3 миллиондай Cobalt алуға болар еді](/img/articles/46492261baf6d3088db7b3b8ce03ee47.webp)
![Мейрам күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)