00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Әуезов театры билеттерді енді өз сайты арқылы сататын болды

25.02.2023 | 01:12
Елорда ақпарат
74

Премьералар апталығына орай өткен басапасөз жиынында тетар директоры Еркін Жуасбаев мекемедегі жаңашылдықтар туралы баяндады.

2020 жылы М. Әуезов театры Ұлттық мәртебесіне ие болды. Соған орай көрермендермен байланыс орнату желілері түгелдей өзгерді. Бүгіннен бастап сайтымыздың жаңа нұсқасы іске қосылды. Енді театрымызға билеттерді біздің сайттан сатып ала аласыздар. Бұған дейін Тикитон, Билет.кз сынды сайттар арқылы билетті халыққа жеткізетінбіз. Ол үшін билеттен түскен қаржының 8-10 пайызын төлеп келдік, - деді ол.

Сонымен қатар ол техникалық өзгерістерді демеушілердің көмегімен іске асырғандарын жеткізді.

Айта кетсек, театр бүгіннен бастап бес қойылымның премьерасы өтіп жатыр. Атап айтсақ «Қан мен тер. Ақбала», «Қытайдан келген сәлемдеме», «Мақшар түнгі махаббат», «Қайдасың, мама?!», «Бейтаныс таныстар» қойылымдары қалың көрерменге жол тартты.

 

Все новости