00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Өзбекстанның ұлттық университетінде көне қолжазбалар ұрланды

25.02.2023 | 01:12
Елорда ақпарат
37

Елдің бас прокуратурасы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, университеттің бірнеше лауазымды тұлғасын қамауға алды. Жөндеуге дейін музейде өзбек, парсы, түркі, араб және тәжік тілдеріндегі бір жарым мың қолжазба сақталған. Соның жартысы қорға қайтарылмады. Мұхаммед ибн Әбу Бакр Сабуни, Шарафаддин Әли Язди және Әлішер Науаидің еңбектері жоғалып, табылмай жатыр.

Еске салайық, бұған дейін көрші елде бүкіләлемдік ЮНЕСКО тізіміне енген тарихи орындарға қатысты да дау туындаған еді. Бұқара өңіріндегі «Чор Бакр» кешенінде 6 жер телімі заңсыз бәс саудаға шығарылып, жергілікті әкімдік халықтың сынына ұшыраған. Ислам өркениетінің дамуына сүбелі үлес қосқан ғұламалар мекені кәсіпкерлік мақсатта қолданыла жаздады.

Қоғам белсенділері мәселені дер кезінде көтеріп, заңсыздықтың алдын алды. Кінәлілер жауапқа тартылды.

 

Все новости