00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Полицейлер автокөліктен ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

25.02.2023 | 01:11
Елорда ақпарат
58

Полицияға елорда тұрғыны ұрлық жөнінде арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, түнгі уақытта оның «AUDI» маркалы автокөлігінің жүксалғышынан кілттер жиынтығы ұрланған.

Іздестіру шаралары барысында 34 жастағы елордалық азамат ұсталды. Ұсталған күдіктінің бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар екені және ол үшін сотты болғаны анықталды.

Полицияға жеткізілген ер адам үйлердің аулаларын аралап, дабыл жүйесімен жабдықталмаған автокөліктерді әдейі іздегенін айтты. Содан Сәтпаев көшесіндегі үйдің алдынан өтіп бара жатып жүксалғышы ашық қалған автокөлікті байқап, оны ашып кілттер жиынтығын ұрлаған және кейін оларды бір-бірден төмен бағада сатып жіберген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ұсталған адамның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Все новости