00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ақтөбедегі жанармай құю бекетінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты

25.02.2023 | 01:03
Елорда ақпарат
81

Белгілі болғандай, жарылыс автокөлік газ-баллон жабдығынан шыққан газ-ауа қоспасының жиналуы нәтижесінде болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері оқиға орнына келгенде «Альтаир» техникалық қызмет көрсету станциясында газ-ауа қоспасының жарылғаны анықталды. Салдарынан 600 шаршы метр алаңда ғимараттың құлауы мен ТҚКС ішінде және жанында тұрған 11 автокөлік зақымданған.

2022 жылғы 22 ақпанда таңғы сағат 4:11-де (Нұр-сұлтан қаласы уақыты) кезекші қызмет пультіне Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Смағұлова №15 мекенжайындағы "Альтаир" жанармай құю станциясында жарылыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Ақтөбе қаласының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары дереу жіберілді, - делінген хабарламада.

ТЖ орнында Ақтөбе облысы ТЖД 136 адам және 16 бірлік техника күштері мен құралдары, сондай-ақ ЖАО 2 бірлік техникасы жұмыс істеп жатыр. Жарылыстан мекемеде күзетші болып жұмыс істейтін азамат зардап шеккен. Жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде үйіндінің астынан күзетшінің өлі денесі табылды.

Все новости