00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

WhatsApp-та тағы бір жаңа функция пайда болады

25.02.2023 | 00:45
Елорда ақпарат
109

Көптен күткен мүмкіндік iOS смартфондарына арналған барлық WhatsApp қолданушылары үшін қолжетімді болмақ. Ол үшін қосымшаны 22.4.75 нұсқасына дейін жаңарту қажет.

Басылымның мәліметінше, енді пайдаланушылар дауыстық хабарламалар мен аудио файлдарды мессенджер ішіндегі кез келген терезеде тыңдай алады. Пайдаланушылар дауыстық хабарламаны тыңдай отырып басқа чаттарға ауыса алады. Яғни, дыбыстық файлды үзбей сөйлесе алады. 

Шағын-плеер экранның жоғарғы жағына бекітіледі. Ол арқылы аудио тыңдауды кідірте тұруға, жалғастыруға немесе аяқтауға болады. Бұл функция Telegram мессенджері ұсынатын мүмкіндікке толығымен ұқсас. 

Сонымен қатар, 22.4.75 нұсқасында тағы бір жаңалық пайда болды. Бұғатталған iPhone экранында хабарламалар келгенде профиль фотосуреттері көрініп тұрады. 

Все новости