00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

19 жастағы Жамбыл тұрғыны қару-жарақ жасырған

25.02.2023 | 00:24
Елорда ақпарат
90

Меркі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қаруды анықтады.

Жаңатұрмыс ауылының 19 жастағы тұрғынының тұрғылықты жерін тінту барысында жерге көмілген пакеттер табылды. Тексеру кезінде пакеттерден Калашников автоматы, үш травматикалық газ тапаншасы, автоматқа арналған 76 оқ-дәрі және тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 26 оқ-дәрі тәркіленді, - деді ІІМ өкілі.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі «Оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Все новости