00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытай түрмесінен анасына жазған хаты жарияланды

24.02.2023 | 23:29
Елорда ақпарат
75

Адвокат Сұңқар Нұрмағанбетовтің айтуынша, Қытай түрмесінде жазасын өтеп жатқан Ақжарқынның қазір сауда жасауға, тұрақты түрде отбасына қоңырау шалып тұруға, сонымен қатар хат алып, хатқа жауап беруге мүмкіндігі бар.

Заңгер Ақжарқынның анасына жазған хаттарының бірін жариялады.

Оқи отырыңыз: «Күш салып жатырмыз»: Ақжарқын Тұрлыбайдың жазасы биыл қайта қаралуы мүмкін

Аяулы анашым. Отбасыммен бірге болуды қаншалықты армандайтынымды білсеңіз ғой. Балалық шағымды, сіздерді қатты сағындым. Білесіз бе, біздің жүрегіміз бір-бірімен тығыз байланысты. Біз әлі де жақынбыз. Мен отбасымыздың әрбір мүшесін сағындым және жақсы көремін. Сізден тағы да хаттар мен фотолар күтемін. Сүйіспеншілікпен, қызыңыз Ақжарқын, – делінген былтырғы 15 желтоқсанда жазылған хат мәтінінде.

Все новости