00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Банкрот жөніндегі басқарушы пара алып ұсталды (ВИДЕО)

24.02.2023 | 23:24
74

Қостанай облысы қаржы мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті дебиторлар тізіліміне енгізілгені үшін компанияның банкрот жөніндегі басқарушысы коммерциялық ұйымның бас директоры мен құрылтайшысынан 100 миллион теңге мөлшерінде ақша талап еткенін анықтады, - делінген хабарламада.

Агенттік мәліметінше, күдікті ЖШС бас директоры мен құрылтайшысынан бұрын келісілген соманың жартысын, яғни 50 миллион теңге алған кезде ұсталды.

Қостанай қаласының тергеу соты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Коммерциялық пара алу дерегі бойынша тергеу жалғасады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды, - делінген хабарламада.

Все новости