«e-Salyq Business» қосымшасы: кәсіпкерлер үшін жаңа мобильді мүмкіндіктер
![](/img/articles/uploads/61fc9dc5c6a51373794400_007a6afdc9.jpg)
Салық кодексінің осы жылдан бастап қолданысқа енгізілген ережелеріне сәйкес аталған қосымша арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланумен немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің салық міндеттемелері мен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерін орындауын оңайлатуға арналған.
Бұдан басқа, комитетпен патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлерге арналған қосымшаның функционалын пилоттық жоба шеңберінде қолдану мүмкіндігін көздейтін Қаржы министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
Қазіргі уақытта бұйрық жобасы ұсыныстарды, оның ішінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасынан алынған ұсыныстарды, сондай-ақ жобаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу қорытындылары бойынша ескертулерді ескере отырып пысықталады.
Қосымшаның функционалы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін қалыптастыруға және салық және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді қосымшамен автоматты түрде есептеу үшін қызметкерлердің кірістерінің есебін жүргізуге және оңайлатылған декларацияның тиісті жолдарын толтыруға мүмкіндік береді. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер «e-Salyq Business» мобильді қосымшасының пайдаланушылары бола отырып, патент құнының есеп-қисабын ұсынудан және табыс алғанға дейін алдын ала (аванспен) салық және әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылады.
Қосымшамен есептелген жеке табыс және әлеуметтік салық сомасын электрондық үкіметтің төлем шлюзінде жарияланған Халық банкінің сервисімен интеграцияны пайдалана отырып, тікелей мобильді қосымшада төлеуге болады.
Бұдан басқа, кәсіпкерлердің ыңғайлылығы үшін қосымшада Салық әмиянының сервистері (оның ішінде берешекті қарау және өтеу, артық төлемді басқару бойынша), мемлекеттік кірістер органдарының бірқатар хабарламаларын алу, сондай-ақ, жеке кәсіпкер қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату сервисі қолжетімді. Қосымша «Play Market», «App Store» және «App Gallery» алаңдарында қолжетімді.
Қосымша мүмкіндігіне қарай биыл да функционалын кеңейту бөлігінде, оның ішінде өткен жылдың соңында Ақмола және Жамбыл облыстарында өткізілген пилоттық жобаға қатысқан кәсіпкерлердің ұсыныстары бойынша жетілдірілетін болады. Мысал ретінде, осы жылы жеке кәсіпкер қызметкерлерімен еңбек шарттарын есепке алу бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті ақпараттық жүйесімен еңбек шарттары бойынша ақпарат алмасу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланған.
![Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылады](/img/articles/7ef5922d58cb2beef05880c386099956.jpg)
![Елорда күніне орай Қосшы қаласында 20 отбасы пәтер иесі атанды](/img/articles/97cf7ed6397b7041f2c1a339f9af2f22.jpg)
![Домбыра күні: ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады](/img/articles/b86c66a52cad852ef2ae698c1d7d0789.jpg)
![Астанада қала күніне орай конкурдан жарыс өтіп жатыр](/img/articles/73a5f8672a6599709259aa78f80d6caa.jpg)
![Сарыарқа ауданында 10 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды](/img/articles/b19b28c776a2bf65de0934b8018e996e.jpeg)
![Президент Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады](/img/articles/40185169cd2f6cba0aae5728e7850008.jpg)
![Демалыс күндері жаңбыр жаууы мүмкін](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Президент Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)