00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Былтыр Арал өңіріндегі 17 көл толығымен тартылып кетті

24.02.2023 | 23:15
Елорда ақпарат
109

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, экологиялық ахуалы Сырдария өзенінің кепілді сумен қамтамасыз етілуіне тікелей тәуелді болғанымен, кейінгі кезде Арал – Сырдария бассейніне қатысты мемлекеттері өзеннің төменгі су ағысына су жіберу міндеттерін көп жағдайда орындамай жүр, – делінген депутаттық сауалда.

Былтыр Шардара су қоймасына келісілген су көлемінің 56,7 пайызы ғана келген. Соның салдарынан Қызылорда облысында күріш егісінің көлемі 5,9 мың гектарға қысқартылды. Облыстың ауыл шаруашылығы түгелімен суармалы егіншілікке бағытталған. Қажетті судың жетіспеуі жағдайды күрделендіріп, 2021 жылы Арал өңірін құрғақшылыққа, жайылым өнімділігінің төмендеуіне, балық қорының азаюына алып келген.

Бұл ретте, өткен жылы 207 көлдің 17-і толығымен тартылып құрғаса, қалған көлдердің толуы 50 пайыз шамасында болды. Қалыптасқан жағдайға бүгінде облыс халқы алаңдаулы, – делінген депутаттық сауалда.

Все новости