Жамбылдық волонтерлер Nur Otan партиясының ғимаратын қалпына келтіруге көмектесті
![](/img/articles/uploads/61f3da18cc3cf289030400_7771abd14e.jpg)
Жамбыл облыстық Жастар ресурстық орталығының мәліметінше, волонтерлық қызметті дамыту мақсатында өңірде жыл басынан бері кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көптеген жоба қолға алынып, біршама ауқымды іс-шара өткізілді. Ондағы мақсат – жалғызбасты қарияларға, мүмкіндігі шектеулы азаматтарға қолдау көрсету, қажетті азық-түліктермен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
19 қаңтар күні «Әулиеата жастары» облыстық волонтерлер штабы Nur Otan партиясының Жамбыл облыстық филиалына барып, ішіндегі қоқыстарды шығарып, ғимараттың қалпына келуіне өз үлестерін қосты, – делінген мәліметте.
Сондай-ақ волонтерлер аймақтағы қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында «Қоғам сақшысы» жобасымен айналысуда. Соған сәйкес, жоғалған адамдарды іздеу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, жол полициясымен түнгі рейдтер, саябақтарда волонтерлердің күзетін ұйымдастыру, өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және т.б. бірқатар мәселелер бойынша жұмыстар атқарып жатыр.
Қоғамдағы тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ағытталған «Қоғам сақшысы» атты арнайы топтар мөлтек аудандарда, саябақтарда арнайы жаднамалар мен Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың үндеулерін жеткізуге атсалысып жатыр, – делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, еріктілер облыстағы қан қорының жетіспеушілігіне байланысты ауқымды іс-шаралар атқарған.
Волонтерлер облыстағы қан қорының жетіспеуіне байланысты 11 қантар күні Қан орталығына қан тапсыруға еріктілерді тарта отырып, 200-ге жуық азамат қан тапсырды, – делінген ведомство мәліметінде.
Қазіргі таңда «Әулиеата жастары» волонтерлер штабы құрылып, штабтың орналасқан жері мен байланыс телефондары әлеуметтік желілер арқылы таратылып жатыр. Штабта 50 ерікті қызмет етеді. Олар таңғы сағат 9.00-18.00 аралығында жұмыс істеп жатыр. Жұмысқа ыңғайлы болуы үшін қызметкерлер арнайы кеудешелермен қамтамасыз етілді.
Ақпарат ретінде айта кетсек, облыс аумағында волонтерлік қызметпен құрамында 10 мыңнан астам волонтері бар 30 ұйым айналыcады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, Тараз қаласы мен барлық аудандық Ресурстық орталықтарының жанынан волонтерлық топтар құрылған.
Облыста 2019 жылдан бері «Қамқор» әлеуметтік қайырымдылық дүкендері іске қосылып, 15 дүкен жұмыс жасап келеді. Жоба аясында 12 мың отбасыға 42 мың тонна киім-кешек үлестірілді. Жыл аясында волонтерлік жұмысты жандандыру мақсатында облыс бойынша 12 бағытты қамтыған. 2 829 іс-шара өткізіліп, оған 50 890 жас қамтылды.
Штабтың орналасқан мекен жайы: Желтоқсан көшесі, 28 үй. Байланыс нөмірі: 8 (7262) 54-21-90.
![](/img/articles/16d87527f13a480dbfa835ec626ae1d8.jpeg)
![](/img/articles/f4102a7b12f28c510db457e37392e18d.jpeg)
![](/img/articles/7ef5922d58cb2beef05880c386099956.jpg)
![](/img/articles/97cf7ed6397b7041f2c1a339f9af2f22.jpg)
![Қала күніне орай “Астана многоликов” атты ән-би фестивалі өтті](/img/articles/16d87527f13a480dbfa835ec626ae1d8.jpeg)
![Елордада кезекті 43 қоғамдық және аула кеңістігі ашылды](/img/articles/f4102a7b12f28c510db457e37392e18d.jpeg)
![Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылады](/img/articles/7ef5922d58cb2beef05880c386099956.jpg)
![Елорда күніне орай Қосшы қаласында 20 отбасы пәтер иесі атанды](/img/articles/97cf7ed6397b7041f2c1a339f9af2f22.jpg)
![Домбыра күні: ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады](/img/articles/b86c66a52cad852ef2ae698c1d7d0789.jpg)
![Астанада қала күніне орай конкурдан жарыс өтіп жатыр](/img/articles/73a5f8672a6599709259aa78f80d6caa.jpg)
![Сарыарқа ауданында 10 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды](/img/articles/b19b28c776a2bf65de0934b8018e996e.jpeg)
![Президент Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады](/img/articles/40185169cd2f6cba0aae5728e7850008.jpg)
![Демалыс күндері жаңбыр жаууы мүмкін](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)