00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Meta әлемдегі ең жылдам суперкомпьютер жасап шығармақшы

24.02.2023 | 22:37
Елорда ақпарат
129

Компания басшысы Марк Цукербергтің мәлімдемесінде бұл әлемдегі ең қуатты суперкомпьютерлердің бірі болары айтылған.

Суперкомпьютерді жасау жұмыстары екі жыл бұрын басталған. Әзірге оны құрастырудың бірінші кезеңі аяқталды.

Жобамен айналысып жатқандардың сөзіне сүйенсек, RSC 2022 жылдың ортасына қарай дайын болады. 16 мыңға жуық графикалық процессоры бар бұл компьютер бір секундта 16 терабайттық ақпаратты өңдей алады.

Компания өкілдерінің айтуынша, суперкомпьютер бір уақытта жүздеген тілмен жұмыс істеу және мәтіндер, суреттер мен бейнелерді талдау үшін жасанды интелектінің моделін құрастырады. Осылайша RSC метаәлемді жасаудағы алғашқы қадам болмақ.

 

Все новости