00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Танымал блогер коменданттық сағатты бұзғаны үшін жазаланды

24.02.2023 | 21:32
Елорда ақпарат
38

Полицейлер блогерді Мәңгілік Ел және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында сағат 01.30 шамасында тоқтатқан. Көлікте одан бөлек екі жолаушы отырған. 

Жағдайдың мән-жайын анықтау барысында 26 жастағы жүргізуші яғни блогер достарымен кездескеннен кейін үйіне қайтып бара жатқаны анықталды. Коменданттық сағатты бұзғандары үшін олар Есіл аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Бәрі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы 10-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді полиция өкілдері.

Қаланың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 30 630 теңге (10 АЕК) көлемінде айыппұл салды.

Полиция департаменті коменданттық сағат жарияланғанын ескертеді. Жаяу жүруге, сондай-ақ көлікпен жүруге тыйым салынады. Қозғалысқа рұқсат тек елорданың тыныс-тіршілігіне жұмылдырылғандарға ғана берілді. Үйде отырыңыздар, себепсіз қалаға шықпаңыздар және балалардың жүріс-тұрысын қадағалаңыздар. Мұның бәрі сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін жасалып жатыр, – деп түсіндірді ПД өкілдері. 

Все новости