00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жеке куәлік пен жүргізуші құжатын алу қымбаттай түсті

24.02.2023 | 21:04
Елорда ақпарат
145

Заңнамаға сәйкес АЕК мемлекеттік жәрдемақыны, сондай-ақ айыппұл, салық және өзге де төлемдердi есептеу үшiн қолданылады. Бірінші қаңтардан бастап оның мөлшері 3 063 теңгеге жетті. Осыған байланысты елімізде бірқатар құжатты алу үшін төленетін мемлекеттік баж да ұлғайып отыр.

Енді қазақстандықтар қанша төлейді:

паспорт алу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы –  8 АЕК немесе 24 504 теңге;

жеке куәлік – 0,2 АЕК немесе 613 теңге;

жүргізуші куәлігі – 1,25 АЕК немесе 3 828 теңге;

туу туралы куәлік тегін беріледі, бірақ акт жазбасына қандай да бір өзгеріс енгізу немесе оны қалпына келтіру үшін 0,5 АЕК, яғни 1 532 теңге төлеу қажет;

некені тіркеу – 1 АЕК немесе 3 063 теңге, ал неке куәлігін екінші рет алған жағдайда – 0,5 АЕК немесе 1 532 теңге;

ажырасуға арыз беру кезінде мемлекеттік баж салығының мөлшері – 2 АЕК немесе 6 126 теңге.

Все новости