Белгілі журналист Жұмагүл Саухат өмірден озды
![](/img/articles/uploads/61bf25c2371c7468343124_84b628b701.jpg)
"Жұмакүл Саухат – қазақ қыздары арасынан шыққан қаламы жүрдек, мейлінше талантты журналист әрі жазушы еді ғой. Ол, басқасын былай қойғанда, сонау 90-жылдары Ақмола өңірінде енді шыға бастаған "Астана ақшамы" газетінің бас редакторы болды. Елордамыздың алғашқы тынысы, алғашқы қадамдары мен жетістіктерін елге жеткізуге асыққан басылым – осы газет болатын. Бас редактор басылымның сапалы да оқылымды болуына көп күш жұмсады, еліміздегі ең білікті әрі талантты қыз-жігіттерді осы газетке тартты: бірін қызметке алса, екіншісіне арнайы мақала-толғамдар жазғызды. Қысқасы, Жұмакүл-редактордың қала басылымында қалдырған өз қолтаңбасы бар. Одан кейін де қарап жатпады, журнал шығаруға атсалысты, баспагерлік жұмыстармен де шұғылданды. Әртүрлі қоғамдық жұмыстардың да бел ортасында жүрді. Сөйте жүріп ұрпақ тәрбиесімен айналысты, немерелеріне сүйікті әже бола білді. Қаламы жүрдек журналист-жазушының бірнеше кітабы баспа жүзін көрді. Әттең, не керек, әлі бергенінен берері көп-ақ еді! Үкім Алладан болып отыр", – деп жазды Жолтай Жұмат-Әлмашұлы.
![Елордада кезекті 43 қоғамдық және аула кеңістігі ашылды](/img/articles/f4102a7b12f28c510db457e37392e18d.jpeg)
![Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылады](/img/articles/7ef5922d58cb2beef05880c386099956.jpg)
![Елорда күніне орай Қосшы қаласында 20 отбасы пәтер иесі атанды](/img/articles/97cf7ed6397b7041f2c1a339f9af2f22.jpg)
![Домбыра күні: ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады](/img/articles/b86c66a52cad852ef2ae698c1d7d0789.jpg)
![Астанада қала күніне орай конкурдан жарыс өтіп жатыр](/img/articles/73a5f8672a6599709259aa78f80d6caa.jpg)
![Сарыарқа ауданында 10 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды](/img/articles/b19b28c776a2bf65de0934b8018e996e.jpeg)
![Президент Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады](/img/articles/40185169cd2f6cba0aae5728e7850008.jpg)
![Демалыс күндері жаңбыр жаууы мүмкін](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)