Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады
![](/img/articles/uploads/61bb1206935bd819885936_57f55faafa.jpeg)
«Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдады. Өткен жылдар ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлеуметтік-экономикалық даму жолында, мемлекеттілік пен халықаралық беделді нығайтуда елеулі жетістіктерге қол жеткізді», - деді ҚР Премьер-Министрі.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыруға, елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтауға негізделген стратегиялық бағытты одан әрі жүзеге асырып келеді.
«Елімізде саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту жұмыстары жоспарлы түрде атқарылып жатыр. Тарих үшін 30 жыл едәуір көп уақыт болмаса да, біз үшін бұл – егемен мемлекетіміздің қалыптасуының дербес жолы» - деді Асқар Мамин.
Премьер-Министрдің айтуынша, Тәуелсіздік әрбір қазақстандықтың өз елі мен жерінің игілігі үшін атқарған қажырлы еңбегімен, дамыған және қуатты мемлекетте өмір сүруге деген ұмтылысымен нығая түседі.
«Көпұлтты Қазақстан күллі әлемге халқымыздың күші бірлікте екенін және алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге деген батыл ұмтылысында екенін көрсетті. Барша қазақстандықты осы айтулы күн – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтаймын. Сіздерге Қазақстан Республикасының одан әрі өркендеуі жолында жаңа табыстар мен жетістіктерге қол жеткізуді тілеймін! Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын», - деді Асқар Мамин.
![](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елімізде 132 мың адам өздерін құмар ойындардан шектеді](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дың ет қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуға ниетті](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![Елордада 4 шілдеде бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартты](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Назым Қаһарман Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Жамбыл облысында сел жүріп, 500-дей қой суға ағып кетті](/img/articles/16e93a07350763897ae8f50c3f54ef34.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)