Тальго тағы екі бағыт бойынша қатынайтын болды
![](/img/articles/uploads/61b81459b8f0c579768264_ea37ebb1ba.jpg)
Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол станциясынан "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Арқалық" жолаушылар пойызы алғашқы рейске шықты. Маршруттың қашықтығы – 609 км, пойыздың жалпы жүру уақыты 12 сағат 49 минутты құрайды. Пойыз екі құрамнан құралған және күн сайын қатынайтын болады. Олардың әрқайсысында 348 орындық "Турист" класты, 2 "Бизнес" класты, 1 "Гранд" класты, 1 "Гранд PMR" класты (мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін) вагондар, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана бар.
Тальго вагондарынан құрастырылған екінші пойыз "Алматы-2 – Маңғыстау" бағыты бойынша іске қосылды. Пойыздың жалпы жүру уақыты 41 сағат 49 минутты құрайды. Ол екі құрамнан тұрады және жұп күндері жүреді. Олардың әрқайсысында 324 орындық "Турист" класты вагондар, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана қарастырылған.
Жол жүру барысында мультимедиялық ресурстарды ішкі сымсыз желі арқылы пайдалануға болады. Жолаушылар өздерінің жеке құрылғыларының (ұялы телефондар, гаджеттер, портативті компьютерлер) көмегімен серверде алдын ала орналастырылған ойын-сауық бағдарламаларын, фильмдерді, ойындарды көре алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2021-2022 жылдарға арналған жолаушылар пойыздарының жаңа кестесі бойынша Қазақстан ішінде 118 жұп пойыз жүре бастады. Оның ішінде 95 жұп пойыз "Жолаушылар тасымалы»"АҚ-ға (оның ішінде қала маңындағы тасымалдарды қоса алғанда – 61), сондай-ақ 23 жұп пойыз жеке тасымалдаушыларға тиесілі.
![Елордада кезекті 43 қоғамдық және аула кеңістігі ашылды](/img/articles/f4102a7b12f28c510db457e37392e18d.jpeg)
![Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылады](/img/articles/7ef5922d58cb2beef05880c386099956.jpg)
![Елорда күніне орай Қосшы қаласында 20 отбасы пәтер иесі атанды](/img/articles/97cf7ed6397b7041f2c1a339f9af2f22.jpg)
![Домбыра күні: ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады](/img/articles/b86c66a52cad852ef2ae698c1d7d0789.jpg)
![Астанада қала күніне орай конкурдан жарыс өтіп жатыр](/img/articles/73a5f8672a6599709259aa78f80d6caa.jpg)
![Сарыарқа ауданында 10 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды](/img/articles/b19b28c776a2bf65de0934b8018e996e.jpeg)
![Президент Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады](/img/articles/40185169cd2f6cba0aae5728e7850008.jpg)
![Демалыс күндері жаңбыр жаууы мүмкін](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)