00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Тоқаев министр, әнші және блогерге марапат табыстады

24.02.2023 | 19:57
Елорда ақпарат
59

Салтанатты жиынды ашқан Тоқаев Тәуелсіздік күні – ұлт мерейін өсіретін ұлық мейрам екенін атап өтті.

«Біз тарих тұрғысынан алғанда қысқа мерзім ішінде жаңа Қазақстанның негізін қаладық. Тұғыры берік, экономикасы қуатты, беделі биік мемлекетке айналдық. Мұның бәрі – ең алдымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының жемісі. Сонымен бірге бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі», - деді президент.

Ол кез келген халықтың табысқа жетуі азаматтарына байланысты екенін айтты. Адам капиталы мен мықты мемлекет – барлық қиындықты еңсере алады. Тәуелсіздік кезеңінде халқымыз елдіктің бірегей үлгісін көрсетті. Шын мәнінде, біздің бүгінгі жетістігіміз – барша халқымыздың ортақ жеңісі, деп жалғастырды сөзін мемлекет басшысы.

«Жаңа Қазақстанды өркендетуге азаматтарымыздың көбі сүбелі үлес қосты. Бүгінгі мерейлі сәтте еліміздің барша азаматына табанды еңбегі үшін зор алғыс айтамын», - деді Тоқаев.

Президенттің қолынан мемлекеттік марапат алғандардың арасында белгілі шахматшы Жансая Әбдімәлік бар. Оған «Құрмет» ордені табысталды.

«BI Group» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рақымбаев IІI дәрежелі «Барыс» орденімен, опера әншісі Зарина Алтынбаева «Құрмет» орденінмен марапатталды. Тағы бір өнер жұлдызы – «Дервиши» тобының әншісі Дильмурт Бахаров «Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi» атанды.

«Ночной дозор», «Дневной дозор» фильмдеріндегі рөлімен таныс актер Нұржұман Ықтымбаев II дәрежелі «Барыс» орденін алды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жәмила Бақбергенова марапатталды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге  ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені табысталды.

Блогер Денис Кривошеев «Шапағат» медалін тақты. Бұл марапат белсенді және жемісті қызмет, шапағат пен қайырымдылық үшін беріледі. Дәл осы медальмен танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев та марапатталды.

Все новости