00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Шортанды кентіндегі жарылысқа үйдің иесі кінәлі – Ю.Ильин

24.02.2023 | 19:37
Елорда ақпарат
101

Жұрты елең еттірген соңғы оқиға Шортанды кентінде орын алған болатын. Елді мекеннің Линейная көшесінде газ баллон жарылып, 3 адам қаза тапты. Бұдан бөлек, оқиға салдарынан 11 адам зардап шекті. Баяндамашы өз сөзінде бұл өрттің де адами фактор әсерінен орын алғанын атап айтты.

«Газ баллондарын пайдалану бойынша жақында қайғылы оқиғалар орын алды. Шортандыда бірден үш адам қайғылы жағдайға ұшырады. Оның екеуінің денесін 90%-дан астам күйік шалып, Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелерінде қайтыс болды», – деді министр.

Ведомство басшысы отандастарымыздың жауапкершілікті түсінбейінше, ешқандай да инспекция олардың түсінігін алмастыра алмайтынын айтты.

«Үй иесі газ толған баллонды жылыту құрылғысының жанына орнатқан. Осылайша, бұл жағдай оның туыстары мен жақындарының өліміне себеп болды. Бұл – адамның бірінші кінәсі. Ал екінші кінә – қазір тексеріліп жатқан қылмыстық іс. Яғни, көліктерге арналған жанармай құю бекеттерінде үйдің газ баллонына жанармай құюға тыйым салынған. Осыны біле тұра, азамат баллонды толтырды. Сондықтан адамдар өздері апаттың салдарын түсінбесе, барлығы да бекер», – деді Юрий Ильин.

Все новости