00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Аса тапшы медицина мамандықтарына 2600 грант бөлінеді

24.02.2023 | 19:20
Елорда ақпарат
66

Ұлттық жоба шеңберінде «Адами капиталды дамыту, білім мен ғылымды жаңғырту» міндетіне 52 млрд 122,2 млн теңге қаржы бөлінбек. Республикалық бюджеттен – 40 млрд 554 млн, ал жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен – 11 млрд 568,3 млн теңге жұмсалмақ.

«Бұл қаражат 2023-2025 жылдар аралығында қарқынды терапияны қоса алғанда, жетекші әлемдік орталықтарда 156 дәрігерді оқытуды жүзеге асыруға жұмсалады. 2023 жылдан бастап жыл сайын 52 дәрігер осы тәсіл бойынша біліктілігін арттырады. Қаржыландыру көлемі жыл сайын 200 млн теңгені құрайтын болады. Қаржыландырудың жалпы сомасы 600 млн теңге болады», - делінген министрлік баспасөз қызметінің жауабында.

Сондай-ақ, аса тапшы мамандықтар резидентурасының грант санын 2022 жылы 1500-ден 2025 жылы 3800 грантқа дейін кезең-кезеңімен ұлғайту қарастырылып отыр. Ол үшін 2022 жылы 1500 грант, 2023 жылы 2600, 2024 жылы 3060, 2025 жылы 3800 грант бөлу жоспарда бар.

Все новости