Биыл волонтерлерді қолдау мақсатында 24 мың іс-шара өткізілді
![](/img/articles/uploads/61a4c0d5c8371747176960_837a538236.jpg)
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким, АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, өңірлік фронт-офистер мен ҮЕҰ өкілдері қатысуда.
Кездесу барысында қатысушылар өңірлік Фронт-офистердің жұмысы және 2021 жылғы жұмыс қорытындылары туралы хабардар етіп, волонтёрліктің қызықты тәжірибелерімен бөлісті.
Жалпы, қатысушылар пандемия кезіндегі волонтёрлік мәселелерін, волонтёрлікті одан әрі де қолдау шаралары мен волонтёрлік қызметтін жүзеге асырудағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады. Сонымен қатар, конференцияда волонтёрлікті қолдаудың бірыңғай стандартын, волонтёрлік қызметтің түрлі бағыттары бойынша оқыту бағдарламасын, сондай-ақ озық тәжірибе жинағын таныстыру жоспарлануда.
Мадияр Қожахмет волонтёрлерді келе жатқан мерекемен құттықтап, волонтёрліктің әлемдегі маңызды рөлін атап өтті. Атап айтқанда, ол жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, волонтёрлердің құқықтарын кеңейту және ынталандыру мәселесіне заңнамалық түзетулер енгізу қаралып жатқанын айтты.
Сонымен қатар, волонтёрлікті қолдау стандарты мен арнайы дайындық бағдарламасы әзірленуде. Алдағы ауқымды мақсаттардың қатарында Мадияр Қожахмет Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың БҰҰ волонтёрлерін жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау туралы бастамасын іске асыруды атады.
«Волонтёрлік күнделікті қоғамдық, әлеуметтік, тұрмыстық мәселелерді шешуде үнемі алдыңғы қатарда. Бұл қарапайым азаматтардың баға жетпес еңбегі және нағыз патриотизмнің символы. Мемлекет волонтёрлікті азаматтық қоғамның ауқымды институты ретінде қолдауды жалғастыруды көздейді. Бұл біздің халқымыздың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді», - деді ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы өз сөзінде волонтерлік қызметке тартылған қазақстандықтар қатарының арта түскенін бірнеше рет атап өткен болатын. Оның пікірінше, волонтерлік пен қайырымдылықты дамытуда Қазақстан прогрессивті халықаралық үрдістерден артта қалып келе жатқан жоқ, ал волонтерлерге, қайырымдылық іс-шараларына және меценаттыққа қолдау білдіруді Президент "мемлекеттің ұзақмерзімді басымдық беретін міндеттер"деп атады.
"Біз қайырымдылыққа тікелей және жанама түрде тартылған адамдар санының үнемі өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Волонтерлік қызметті қызметкерлердің еңбек өтілінде міндетті түрде есепке алу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, еріктілік университеттер мен колледждерге түсу кезінде бірқатар артықшылық береді. Бүгінгі таңда бұл жақсы нәтиже деп санаймын", - деді Президент.
Шара барысында өңірлерден келген аймақтық волонтерлік Фронт-офистердің жетекшілері жыл бойы атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, кемшіліктер мен озық тәжірибелер ортаға салынды. Жалпы, шара аясында волонтерлікті дамытудың алдағы жылға арналған жоспары талқыланды. Аталмыш шара, ертеңде жылғасын табады.
Іс-шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КЕАҚ және «Birgemiz» республикалық волонтёрлер Фронт-офисі бірлесіп ұйымдастырды.
![Елордада кезекті 43 қоғамдық және аула кеңістігі ашылды](/img/articles/f4102a7b12f28c510db457e37392e18d.jpeg)
![Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылады](/img/articles/7ef5922d58cb2beef05880c386099956.jpg)
![Елорда күніне орай Қосшы қаласында 20 отбасы пәтер иесі атанды](/img/articles/97cf7ed6397b7041f2c1a339f9af2f22.jpg)
![Домбыра күні: ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады](/img/articles/b86c66a52cad852ef2ae698c1d7d0789.jpg)
![Астанада қала күніне орай конкурдан жарыс өтіп жатыр](/img/articles/73a5f8672a6599709259aa78f80d6caa.jpg)
![Сарыарқа ауданында 10 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды](/img/articles/b19b28c776a2bf65de0934b8018e996e.jpeg)
![Президент Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады](/img/articles/40185169cd2f6cba0aae5728e7850008.jpg)
![Демалыс күндері жаңбыр жаууы мүмкін](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)