00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елімізде тұтынушылардың құқын қорғайтын ұлттық қауымдастық құрылады

24.02.2023 | 18:45
Елорда ақпарат
100

Министр Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі VІ отырысында заңнамаға тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған өзгеріс пен түзету енгізуді тапсырғанын еске салды. 

"Министрлік тұтынушылардың құқығын қорғау заңнамасына тиісті өзгеріс әзірлеп жатыр. "Тұтынушылардың ұлттық қауымдастығы" коммерциялық емес ұйымдарының мәртебесін заңнамалық бекіту мәселесі пысықталуда. Заңнамаға тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты туралы түзету енгізу бастамасы көтеріліп жатыр", – деді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, омбудсменге тұтынушылар құқығы жиі бұзылатын салаларды реттейтін мемлекеттік органның басшыларына жүйелі проблемалары тікелей жеткізу құқы беріледі. 

"Әлеуметтік сауалнама қатысқан 20 мың респонденттің 56%-ы тұтынушылардың ұлттық қауымдастығын және омбудсмен институтын құру ұсынысын қолдады. Бұған ұқсас инстиутттар Германияда, Швейцарияда, Швецияда, АҚШ-та және басқа елдерде қызмет көрсетіп жатыр", –  деді Бақыт Сұлтанов.

Все новости