00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Алматы облысында су қоймасының бөгеті жарылды

24.02.2023 | 18:39
Елорда ақпарат
279

“21 қараша күні сағат 23:13-те Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Мыңбаев ауылына жақын жерде Книжевский су қоймасы бөгетінің жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті”, – деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

ТЖМ атап өткендей, су қоймасының көлемі 4,47 млн текше метрді құрайды, қазіргі уақытта ол 50%-ға толтырылған). Су құйылғаннан кейін Қарғалы өзенінің арнасына құяды және одан әрі Іле ауданының Күрті су қоймасына құяды (толтыру пайызы – 14%, жобалық көлемі – 120 млн текше метр).

Айта кетейік, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер, сондай-ақ үйлерін су басқан тұрғындар жоқ. Облыстық маңызы бар «Мыңбаев-Қасымбек» автожолын су шайған. Полиция қызметкерлері қозғалысты шектеу бойынша бекеттер қойды.

Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД бастығы бастаған ҚР ТЖМ бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бар.

Все новости