00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстанда қазан айында қандай тауарлар қымбаттады

24.02.2023 | 18:09
Елорда ақпарат
94

Ұлттық банк азық-түлікке жатпайтын тауарлардың айлық инфляцияға қосқан үлесі қазан айында 0,25 пайыз болғанын мәлім етті.

Оған себеп болған негізгі факторлардың бірі – дизель жанармайының қымбаттауы.

Қазан айында дизель бағасы 16,6 пайызға қымбаттады.

Әсіресе, Ақмола (25,9 пайыз) және Павлодар (24,9 пайыз) облыстарында баға қатты өсті.

Ең төмен өсім болды деген Қызылорда облысының өзінде дизель құны 11,6 пайызға қымбаттады.

Жалпы жанармай бағасы ел бойынша 0,9% өскен.

Ұлттық банк сайтындағы мәлімет бойынша, күздің екінші айында ақылы қызметтердің бағасы да инфляцияны үдеткен.

"Бір айдағы бағаның өсу деңгейі 0,5 пайыз болды. Өңірлердің көбінде сұйытылған газ қымбаттады. Бұл тауардың бағасы республика бойынша 6,4 пайыз қымбаттады. Әсіресе Алматы (15,6 пайыз), Шығыс Қазақстан (14,7 пайыз) және Ақмола (14,0 пайыз) облыстарына қымбатшылық қарқыны жоғары. Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында электр энергиясының тарифі көтерілді (8,5 пайыз және 5,3 пайыз). Ал көмір республика бойынша 2,1 пайыз қымбаттады. Әсіресе Қарағанды облысында баға қатты артты (9,5 пайыз). Ал Павлодар және Қостанай облыстарында орталықтандырылған жылу тарифі 6,3 пайыз және 3,1 пайыз төмендеді", - деді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Все новости