00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада жемқорлық қылмыстары қай салада жиі тіркеледі?

24.02.2023 | 18:04
Елорда ақпарат
56

«Тәжірибеге сүйенсек, біз әлі де болса кейбір мемлекеттік органдардың қызметінен жағымсыз тенденциялардың ажырамағанын көріп отырмыз. Жыл басынан бері біздің департаментте 95 қылмыс тіркелді. Оның үшеуі аса ауыр, 48-і ауыр қылмыс санатына жатады. Жалпы 95 қылмыстың 65-і жемқорлық сипатта болған. Оның негізгі бөлігі парақорлық фактілері бойынша тіркелген – 53 факті. Қаражат жымқыру бойынша 17 қылмыс есепке алынды», - деді Шыңғыс Қабдула.

Департамент басшысының айтуынша, жемқорлық қылмысы үшін сотталғандардың ішінде республикалық деңгейдегі 3 шенеунік болған. Бұл санды салаларға жіктесек, ең көп қылмыс құқық қорғау блогына тиесілі. Бұл салада 28 факті анықталған. Денсаулық сақтау саласында – 10, құрылыс саласында – 6, энергетика саласында – 8, білім беруде – 3 қылмыс тіркелген. Салық және мәдениет саласында да осындай тенденция байқалуда.

«Жалпы қылмыстық жауапқа 47 тұлға тартылды. Оның ішінде республикалық маңыздағы 3, қала деңгейіндегі 2 лауазымды тұлға бар. Қала деңгейіндегі 30 адамға бас бостандығынан айыру, айыппұл сияқты түрлі жазалар тағайындалды. Оның арасында 20 адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды», – деді сөз соңында Шыңғыс Қабдула.

Все новости