00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан арақ ішуден Орталық Азияда көш бастап тұр

24.02.2023 | 17:49
Елорда ақпарат
115

Депутаттың келтірген дерегі бойынша, елімізде карантин кезінде арақ-ликер өнімдерін тұтыну мөлшері 21,5 пайызға, яғни 35,7 миллион литрге дейін артқан. Бұл көрсеткіш қоғамда аталған проблеманың бар екенін көрсетіп отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегінше, қазақстандықтар жан басына шаққанда бір жылда 11 литр таза спирт өнімдерін тұтынады екен. Осы көрсеткіш бойынша еліміз Орталық Азия өңірінде «ең ішкіш елге» айналған. Ал әлем бойынша 34-орындамыз. Көршіміз Қырғыз Республикасы – 106, Түрікменстан – 114, Өзбекстан – 131, Тәжікстан 134-орында тұр.

«Finprom» агенттігінің мамандары ішімдік ішу көрсеткіші бойынша Қазақстандағы аймақ тұрғындарының үлесін анықтаған мәлімет жариялаған болатын. Ол тізімге сенсек, Ақмола облысы көш бастап тұр. Бұл аймақта әрбір 15 жастан асқан азаматтың бір жылда 6 литр ішімдік ішетіні анықталды. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары олардан 100 грамм аз ішетін болып шықты. Алғашқы үштікті Қарағанды облысының тұрғындары түйіндеген. Олар жылына 4 литр 900 миллилитр алкогольді өнім тұтынады екен.

Осыдан 10 жыл бұрын Қа­зақстанда алкоголь сусындарын өндіретін 52 зауыт жұмыс істесе, қазір олардың саны 15-ке дейін қысқарғанын айта кеткен жөн. Өкініштісі, бұл амал да елдегі спирттік сусындарды тұтынушылар санын азайтуға септігін тигізіп отырған жоқ.

Все новости