Мамин мониторинг топтарының күшейтілген режимде жұмыс істеуін тапсырды
![](/img/articles/uploads/61835bf9da656036390765_6af5de2b17.jpg)
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы жалғасып жатқанын айтты.
Барлық өңірлерде ауыру деңгейінің, стационарлық және амбулаториялық емдеудегі ауыр жағдайлардың санының төмендеуі байқалады. Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,93. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 33%, реанимациялық төсек-орын жүктемесі – 27%.
Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша «жасыл аймақта» Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары, «сары аймақта» – Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. «Қызыл аймақта» Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.
Бүгінгі күні 8,3 млн астам адам вакцинаның бірінші компонентін, 7,5 млн астам адам екінші компонентін алды.
Көрші елдердегі күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Үкімет басшысы барлық өңірлерде шектеу шараларының сақталуын және мониторинг топтарының күшейтілген жұмыс режимін қамтамасыз етуді тапсырды.
Нұр-Сұлтан қаласының, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынын арттыру тапсырылды.
Әкімдіктер мен Денсаулық сақтау министрлігіне тексеру жүргізіп, емдеу мекемелері мен қоймаларда қажетті дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың болу нормаларын қамтамасыз ету тапсырылды.
![](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Президент Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![Қазақстан азаматтығын алуға байланысты емтихан ережелері әзірленді](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![Алматы облысының полицейлері 2 млн теңгенің вейптерін тәркіледі](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Түлектердің 77%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды](/img/articles/6778ba4a359c379ff5e10d5768a60b8f.jpg)
![Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады](/img/articles/b9e28b1bf1b1f53943ba925d9c588e84.jpg)
![Елімізде цифрлық ғылыми портал іске қосылды](/img/articles/8c705c2be80b04a07b1767ec2464086e.jpeg)
![Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі жеткізумен айналысқандар ұсталды](/img/articles/641c1ee0e4b228a221ba81a7ab86b7aa.jpg)
![Дина Төлепберген: 3 миллиондай Cobalt алуға болар еді](/img/articles/46492261baf6d3088db7b3b8ce03ee47.webp)
![Мейрам күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)