00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Екі облыста мыңнан астам жүргізуші куәлігі сатылған

24.02.2023 | 17:32
Елорда ақпарат
67

«Жүргізуші куәлігінен үмітті азаматтардың орнына емтиханды арнайы дайындалған тұлғалар тапсырып отырған. Мысалы, Ақмола облысында арнайы дайындалған адамдар емтихан компьютерлеріне қашықтан қол жеткізіп, бөгде азамттардың орнына дұрыс жауабын белгілеп отырған. Ал Қостанай облысында арнайы дайындалған адамдар медициналық маска мен бас киімнің көмегімен бет әлпетін тұмшалау арқылы өзге азаматтардың орнына кіріп келген. Тергеу барысында 1 мыңнан астам жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактілері тексеріліп, емтиханнан сәтті өткені туралы берілген жалған анықтамалар қайтарылды», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Агенттік өкілдерінің айтуынша, осындай жалған құжат арқылы жүргізуші куәлігін алған қостанайлық азамат наурыз айында жол ережесін өрескел бұзып, «Toyota Самrу» автокөлігімен соқтығысқан.

«Тергеу мәліметі бойынша, апатқа кінәлі тұрғын теориялық және практикалық емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алған. Ал бұл жолы анықталған заңсыздықтарға байланысты елдегі мамандандырылған ХҚКО-ның бәрінде тексеру жүргізіледі», - делінген ресми мәліметте.

Все новости