00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Хакерлер eGov.kz-тің 50 шақты әлсіз тұсын тапты

24.02.2023 | 17:11
Елорда ақпарат
129

Бұл туралы киберқауіпсіздік мәселелері бойынша 10-нан аса елден жиналған тәуелсіз зерттеушілердің Bug Bounty ұлттық платформасын іске қосқанынан кейін белгілі болды.

“ҰАТ” АҚ электронды үкіметтің жүйесі мен ресурстарын кибершабуылдардан қорғау үшін аталмыш бағдарламаға қатысқан.

“ҰАТ” АҚ басқарма басшысы Ростислав Коняшкиннің айтуынша, күн сайын ақпараттық жүйелерге, оның ішінде мемлекеттік органдардың платформаларына мың шақты кибершабуыл жасалады.

“Біз үшін электронды үкімет пен оның компоненттерінің деректерін сенімді сақтап, қорғау аса маңызды. Bug Bounty-мен серіктесе отырып біз өз жүйелеріміздің қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, өз ресурстарымызды үнемдейміз”, – дейді Коняшкин. 

 

 

Все новости