Жаңа технологияны меңгермесек, 40 пайыз жұмыс орны босап қалуы мүмкін – ғалым
![](/img/articles/uploads/6177ec34337f5808442513_168ac8ba38.jpg)
Ғалымның пайымынша, жаңа заман жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Дәлірек айтқанда, жаңа технологияның келуімен жаңа жұмыс орындары пайда болып, сәйкесінше бұрынғы мамандықтар қажет болмай қалады.
«Технология бәріміз үшін жаңа мүмкіндіктер әкеледі. Мәселен, жұмыс орындарының 40 пайызы жаңа бағытқа көшіп, көп адам бұрынғы жұмыс орындарынан айырылып қалуы мүмкін. Сол себептен адамдардың бәсекеге сай болуы үшін жаңа дағдыларды игертіп, оқытуымыз қажет. Біз жаңа өзгеріске дайын болуымыз қажет», – деді Л. Хуэй.
Сарапшының сөзінше, әлемнің дамыған елдерінде қызметкерлердің 50 пайызы заманауи дағдыларды игеріп алған. Осы ретте, математикалық дағдылар мен үлкен деректерді оқу маңызды.
«Болашақта әртүрлі өзгерістер болады. Атап айтқанда, ақылды дизайнерлер сынды жаңа мамандықтар пайда болады. Технология үнемі дамып, өзгеріп отырады емес пе?! Соған сәйкес, жаңа ортаны интерактивті етіп, дамытуымыз қажет. Әсіресе жастарды оқытуымыз қажет. Оларға берер кеңесім, жаңа технологияны оқыңыздар», – деп атап өтті ғалым.
Эксперттің айтуынша, жаңа технологиялар индустриалды дамуға, экономикалық тиімділікке әсерін тигізіп жатыр.
«Жаңа деректерді қолдану адамдар мен экономика үшін құнды десем болады. Әсіресе жасанды интеллектіні енгізу арқылы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге болады. Бұдан байқағаным, қазіргі кезде осындай жаңа деректердің маңыздылығы арта түсті», – деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Орталық Азиядағы ең ірі ғылыми-білім беру іс-шарасы, Нобель фестивалі 2021 жылғы 26-29 қазан аралығында "Болашақ бүгіннің өзінде" негізгі тақырыбымен өтіп жатыр. Nobel Fest Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізілуде.
![](/img/articles/16d87527f13a480dbfa835ec626ae1d8.jpeg)
![](/img/articles/f4102a7b12f28c510db457e37392e18d.jpeg)
![](/img/articles/7ef5922d58cb2beef05880c386099956.jpg)
![](/img/articles/97cf7ed6397b7041f2c1a339f9af2f22.jpg)
![Қала күніне орай “Астана многоликая” атты ән-би фестивалі өтті](/img/articles/16d87527f13a480dbfa835ec626ae1d8.jpeg)
![Елордада кезекті 43 қоғамдық және аула кеңістігі ашылды](/img/articles/f4102a7b12f28c510db457e37392e18d.jpeg)
![Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылады](/img/articles/7ef5922d58cb2beef05880c386099956.jpg)
![Елорда күніне орай Қосшы қаласында 20 отбасы пәтер иесі атанды](/img/articles/97cf7ed6397b7041f2c1a339f9af2f22.jpg)
![Домбыра күні: ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады](/img/articles/b86c66a52cad852ef2ae698c1d7d0789.jpg)
![Астанада қала күніне орай конкурдан жарыс өтіп жатыр](/img/articles/73a5f8672a6599709259aa78f80d6caa.jpg)
![Сарыарқа ауданында 10 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды](/img/articles/b19b28c776a2bf65de0934b8018e996e.jpeg)
![Президент Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады](/img/articles/40185169cd2f6cba0aae5728e7850008.jpg)
![Демалыс күндері жаңбыр жаууы мүмкін](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)