00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Адам миы неге кішірейген – зерттеу

24.02.2023 | 17:00
Елорда ақпарат
185

Бостон университеті мен Дартмут колледжінің ғалымдары адам миының эволюциясын құмырсқалардың миымен салыстыра отырып зерттеу жасады. Зерттеу барысында 985 қазба бас сүйек пен қазіргі заманғы бас сүйек талданды. Зерттеу барысында адам миы осыдан шамамен 3 мыңдай жыл бұрын кішірейгені анықталды. 

Ғалымдардың айтуынша, адамдардың миының кішіреюіне ұжымдық сана мен еңбек бөлінісі әсер еткен. Ортақ білім мен еңбек бөлінісі қолданылатын әлеуметтік топтарда оның мүшелерінің миы тиімділікті арттыру үшін бейімделе бастайды, яғни кішірейе түскен. 

“Біздің ойымызша, мидың кішіреюіне ұжымдық санаға тәуелділіктің артуы себеп болған”, – деп атап өтеді зерттеу авторларының бірі Джеймс Траньелло.

Білімді бөлісу арқылы әр адамның ақпарат сақтауына анағұрлым азырақ қуат кететін болған, ал бұл өз кезегінде ми көлемінің кішіреюіне алып келген.

Все новости