00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Арал теңізінің түбіне сексеуіл егіледі

24.02.2023 | 16:17
Елорда ақпарат
125

«Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен Арал теңізі және сол аумақты экологиялық сауықтыру бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Облыста 6,5 млн. гектарды құрайтын мемлекеттік орман қорының 3,4 млн. гектары - орманды алқап. Оның 89 пайызында негізгі орман құраушы сексеуіл ағашы орналасқан. Сыр өңірінің табиғатын сауықтыру, орманды сақтау, егу, қорғауда сала мамандарының үлесі зор», - деді облыс әкімі.

Өңір басшысының айтуынша, алдағы бес жыл ішінде 1,1 млн. гектар алаңда фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүзеге асырылады. Биыл 100 мың гектар сексеуіл егіледі. Ол 2022-2025 жылдар аралығында жыл сайын 250 мың гектарды құрайды.

Сондай-ақ фитоорманмелиорациялық жұмыстар үшін халықаралық ұйымдардың (Дүниежүзілік банк, USAID, Герман ынтымақтастық қоғамы (GIZ) қаржысы тартылады. Дүниежүзілік Банктің қайтарымсыз қаржысы есебінен келесі жылдан бастап «Қазақстан Ландшафтарын қалпына келтіру жөніндегі» жоба аясында қажетті сексеуіл көшеттерін дайындау үшін тұрақты орман питомнигін құру, орман шаруашылығы мекемесіне қажетті техникалар сатып алу ойластырылып отыр.

Оған қоса Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 500 мың гектарын картаға түсіру, 100 мың гектарына жобалық іздестіру және Қызылорда қаласы маңында 3 мың гектарға жасыл аймақ құру бойынша жұмыстар басталады.


 

Все новости