00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қытай екінші пилоттық кемесін ғарышқа ұшырды

24.02.2023 | 16:17
Елорда ақпарат
86

«Шэньчжоу-13» кемесі Қытайдың солтүстігінде орналасқан «Цзюцюань» ғарыш айлағынан жергілікті уақытпен сағат 00.23-те ұшырылды. Кемені орбитаға шығару үшін «Чанчжэн-2-эф» зымыран тасығышы қолданылған. Сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06.56-да бортында экипажы бар қытай ғарыш кемесі «Тяньхэ» ғарыш стансасының негізгі модулімен түйіскен.

Жақын арада үш астронавт «Тяньхэ» стансасының негізгі модуліне өтіп, стансаға қызмет етуге қосылады. Еске сала кетсек, бұл Қытайдың пилоттық екінші ғарыш кемесі, ғарышкерлер орбитада алты ай болып, ашық ғарышқа екі-үш рет шығады.

Қыркүйек айында орбитаға кезекті миссияның ғарыш стансасында ұзақ уақыт болуын қамтамасыз етуі үшін азық-түлік және арнайы жабдықтар тиелген жүк кемесі жіберілген-ді.

Бұған дейін «Шэньчжоу-12» пилоттық ғарыш миссиясы қыркүйекте сәтті аяқталды. «Тяньхэ» ғарыш стансасы 2022 жылы жұмыс істей бастамақ.

Все новости