00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Сүттің майлылығы денсаулыққа қалай әсер етеді

24.02.2023 | 16:06
Елорда ақпарат
113

Қазір көп кеңесте екі жастан асқан балаларға майлылығы төмен сүт тағамдарын беру керектігі жазылады. Қаймағы алынбаған сүттің шынымен де зиян не зиянсызын анықтау үшін Эдит Кован университетінің ғалымдары эксперимент жүргізді. Оған төрт пен алты жас аралығындағы 49 бала қатысып, оларды екі топқа бөлді. Бірінші топтағылар үш ай бойы қаймағы алынбаған сүт өнімдерін ішіп-жесе, екінші топтағылар майлылығы аз сүтті өнімдерді ғана тұтынды. Екі апта сайын ғалымдар оларға ешқандай белгі соғылмаған азық-түлік әкеліп отырды. Осылайша зерттеуге қатысушылар сүтті өнімдердің қайсы түрін (майлылығы жоғары немесе майлылығы төмен) тұтынып жатқанын білмеді. Бұдан соң зерттеушілер азық-түлік қалдықтарын тексеріп, балалардың жалпы тұтыну деңгейін бағалады. 

Сондай-ақ ғалымдар балалардың семіздік деңгейін, қан қысымын және олардың қан құрамындағы глюкоза, гемоглобин және С-реактивті белок секілді биомаркерлерді тексерді. Сөйтсе, сүтті диетаның қандай болғанына қарамастан, балалардың бірдей калория тұтынғаны белгілі болды. Майлылығы аз сүттен калорияны дұрыс ала алмаған балалар мұның орнын басқа өнімдермен толтырған. Мұнымен қоса ғалымдар екі топтағы балалардың салмағы және жүрек-қантамыр жағдайы бойынша еш айырмашылық таппады. 

“Зерттеу қорытындысында біз “дені сау балалар майлылығы жоғары өнімдерді тұтынса да, оларға семіздікке шалдығу және негативті кардиометаболикалық әсер қаупі төнбейді” деген қорытындыға келдік”, – деп атап өтті зерттеудің жетекші авторы, университет доценті Тереза О’Салливан.

Все новости