00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Нұр-Сұлтанда сотталғандар арасында байқау өтті

24.02.2023 | 16:03
Елорда ақпарат
60

Бірнеше жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандар арасында қолданбалы өнер бұйымдарының “Үміт” байқауы өткізіліп келеді.

Бұл байқауда “Ғажайып күз”, “Арыстандар”, “Қасқыр”, “Балаларға деген махаббатпен” картиналары сияқты бұйымдар, сондай-ақ “Тоғызқұмалақ” үстел ойыны, “Қобдиша”, “Жұмсақ бұрыш”, “Отбасы” макеті, Монтессори “Біздің балалар – болашақ” әдістемесі бойынша балалардың өмірлік дағдыларын дамыту бойынша оқыту стенді ұсынылды.

Үздік жұмыстардың авторлары жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде бірінші орын Аршалы кентінің ЕЦ-166/1 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, екінші және үшінші орын Аршалы кентінің ЕЦ-166/5 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға берілді.

Дәстүр бойынша үздік жұмыстар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мамандандырылған балалар үйіне сыйға тартылды.

– Бұл жұмыстарды жасаушылар, әдеттегідей, бостандықтан айырылса да, басқа бостандыққа, шығармашылық еркіндікке құқығын сақтап қалды. Оларды жасау кезінде авторлар әртүрлі материалдар мен техниканы қолданды. Әрбір жұмыс өз жаратушысының мінезін ғана емес, сонымен қатар оның өмірге деген көзқарасын, отбасылық құндылықтарға қатынасын, сондай-ақ қайта әлеуметтену процесін көрсетеді, – деп түсіндірді департаменттің сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі топтың бас маманы Ақтоты Бекенова.

Все новости