00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде төрт түлік мал басы қаншаға жетті

24.02.2023 | 15:02
Елорда ақпарат
100

Өңірлер бойынша қарастырсақ, Алматы облысы алда келеді: мұнда аталмыш саладағы жалпы өнім сомасы 284,8 млрд теңгені құраған, бұл былтырға қарағанда 1,8%-ға артық. Үздік үштіктің қатарында Шығыс Қазақстан (259,8 млрд теңге, +3,9%) және Түркістан (230,8 млрд тг, +3,6%) облыстары бар.

Биыл қыркүйекте елімізде 8,8 млн ірі қара болған, былтырмен салыстырғанда бұл 4,8%-ға көп. Оның 4,3 млн-ы – сиырлар. 

Жылқы саны бірден 9,6%-ға өсіп, 3,5 млн басты құрады. Ал құс саны 4,3%-ға (48,8 млн), түйе саны 2,9%-ға (246,6 мың), қой саны 0,5%-ға (20,8 млн) көбейген.

Шошқалар, керісінше, 0,1%-ға азайып, 934,9 мың басты құраған.

Жыл басынан бері Қазақстанда 1,2 млн тонна мал мен құс сойылған, бұл былтырға қарағанда 6%-ға артық. Сонымен қатар отандық фермерлер 4,4 млн тонна сиыр сүті мен 3,2 млрд жұмыртқа алған. 

Ірі малдан алынған терілер саны 1,9 млн-ды, шағын жануарлардан алынған тері саны 4,4 млн-ды құраған. 

 

 

Все новости