00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Әлемде гуманитарлық көмекке зәру елдер көбейді

18.04.2023 | 20:30
107
фото: gov.kz

Жер жаһандағы қаржылық һәм саяси дағдарыстың жиілеуі мемлекеттердің дамуын әлсіретті. Салдарынан әлемде кедейшілік белең алып, теңсіздік тереңдеген.  БҰҰ Бас хатшысы ауқымды жиында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.

Біз тұрақты даму бойынша алға қойған міндеттерді шешу үшін халықаралық қаржы жүйесін жаңартуымыз қажет. Шындығында  қазіргі механизм бүгінгі сын-қатерлермен күресуге қауқарсыз. Мен барлық елдерді осы шешуші сәтте барынша белсенді әрекет етуге шақырамын,- деді  БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

 

Ресми дерекке сүйенсек, әлемде әрбір үшінші мемлекет қаржылай дағдарыспен күресуге шамасы жетпейді. Ал кедейшілік қамытын киген адамдардың 40 пайыздан астамы сыртқы қарзыға белшесінен батқан елдерде тұрады. Мұндай жағдай әлеуметтік толқуларды үдетіп жатыр. 

Егер жағдай осылай кете берсе, 2030 жылға қарай жер шарымыздағы халықтың 7 пайызы кедейшілікке ұшырайды. Биылдың өзінде гуманитарлық көмекке зәру жандардың қарасы 339 миллионға жетіп отыр. Бұл жер шарындағы әр 23-адам тақыр кедей дегенді білдіреді,- деді  БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Амина Мұхаммед.
 

БҰҰ басшысы мәселені шешу үшін бірқатар бағытты назарға алуға шақырды. Мысалы, дүние жүзінде мұқтаж елдерге бөлінетін қаржыны жыл сайын 500 миллиард долларға жеткізуді ұсынды. Бұл тұрғыда халықаралық даму банктерінің маңызды роль атқаратыны белгілі.

Даму банктері өздерінің бизнес-модельдерін қайта құрылымдауы қажет. Тәуекелдерді еңсеретін жаңа амал-тәсілдер керек. Мысалы, дамушы елдерге қолдау білдіру үшін ірі жекеменшік инвесторларды тартуға көңіл бөлгендері абзал,- деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Ұйым халықаралық резервтік қаржыландыруды да ұлғайтуға шақырып отыр. Себебі әлемде дағдарыс кезінде жылдам әрекет етіп, тиісті шаралар қабылдау үшін мол валюта қоры қажет.


 

Все новости