Газа секторындағы 28 қазақстандық елге оралады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/11_photo1702216037_036b8ab41d.jpg)
Қазақстан Палестина халқына қосымша материалдық гуманитарлық көмек жеткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен және «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігімен бірлесіп Палестина халқына гуманитарлық көмек жүгін арнайы ұшақпен жеткізді.
Аталған бортпен Қазақстанға Газа секторынан эвакуацияланған 28 адам – ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелері елге жеткізіледі. Барлық міндетті рәсімдерден өткеннен кейін эвакуацияланған азаматтарға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де қолдау көрсетілетін болады. Бұған дейін 17 қарашада жалпы саны 99 адамнан тұратын азаматтардың бірінші тобы сәтті эвакуацияланды, - делінген ҚР СІМ таратқан ақпаратта.
Жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардан тұратын гуманитарлық көмек Мысырдың «Қызыл Жарты Ай» қоғамына тапсырылды. Палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру үшін БҰҰ Таяу Шығыс агенттігі Мысыр билігімен бірлесіп қазақстандық көмекті мұқтаж палестиналықтарға жеткізеді.
Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде осы ұйымның мүшесі Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетті.
![Қырғызстанда сел жүріп, бес адам қаза тапты](/img/articles/b157bf246ef8d380bfc85b9c44b987e8.webp)
![Елімізде «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді](/img/articles/818aec816672fcf0b48288871fbc9938.jpeg)
![Қазақстандық әскерилер АҚШ-тағы жарыста үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/8dd58e55288277e40fd44eb52f517ad2_1280x720_1594672952.jpg)
![Антарктидада көлемі Түркия елінің аумағындай мұз еріді](/img/articles/uploads/anadoly_c782e38a84.jpg)
![Газа секторындағы 28 қазақстандық елге оралады](/img/articles/uploads/11_photo1702216037_036b8ab41d.jpg)
![Бүгін жүзге жуық қазақстандық Газа секторынан эвакуацияланды](/img/articles/uploads/408012b9_9711_42ca_9ff1_50185c88260b_e9f647645e.jpg)
![Берлин тұрғындары қазақ мәдениеті мен қолөнеріне тәнті болды](/img/articles/uploads/8a34f79e_7928_4692_91a1_009fd84d9d24_cde7ca7ca0.jpg)
![Қазақстандық бітімгерлер Ливанға аттанды](/img/articles/uploads/photo_5361639398128602858_y_90ff992a62.jpg)
![Бейжіңде Әбу Насыр Әл-Фарабиге арналған бюст ашылды](/img/articles/uploads/Dizajn_bez_nazvaniya_3_8a17a6793c.png)
![Тель-Авивтегі Елшілік біздің азаматтарымызбен тұрақты байланыста - СІМ](/img/articles/uploads/IMG_6514_99c12609c5.jpeg)
![Әкесі – маймыл, шешесі – адам: Анголада ерекше бала тұрады (ФОТО, ВИДЕО)](/img/articles/uploads/63eb2b6d3660b552182275_43d3959880.jpg)
![Әлемдегі ең бай адам кім](/img/articles/uploads/oknn_f5e9a975d1.jpg)
![Өнертапқыш әйелдер: Wi-Fi-ды кім ойлап тапты (ФОТО)](/img/articles/uploads/622b1deeb5499661451716_bd135a7d67.jpg)
![«Хабар» Еңбек күніне орай ауқымды телемарафон ұсынады](/img/articles/uploads/a0843644_9e8e_4556_9497_7907662a0dc5_505d844c4c.jpg)
![Елімізде «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді](/img/articles/818aec816672fcf0b48288871fbc9938.jpeg)
![Бір топ адам мысықты тірідей өртеп жіберген](/img/articles/uploads/hthh_83527078c6.jpg)
![Джо Байден шалынып кетіп, оңбай құлады](/img/articles/uploads/ee_f649c543d9.jpeg)
![Қазақстандық бітімгерлер Ливанға аттанды](/img/articles/uploads/photo_5361639398128602858_y_90ff992a62.jpg)
![Қазақстандық әскерилер АҚШ-тағы жарыста үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/8dd58e55288277e40fd44eb52f517ad2_1280x720_1594672952.jpg)
![Антарктидада көлемі Түркия елінің аумағындай мұз еріді](/img/articles/uploads/anadoly_c782e38a84.jpg)