00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Түркияда тағы да жер сілкінді

31.03.2023 | 23:55
Елорда ақпарат
61

Түркияның Адыяман қаласында магнитудасы 4,4 балдық зілзала тіркелді, деп хабарлады Elorda.info Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 8:27-де тіркелген.

Эцпицентрі Челикхан ауданында орналасқан.

Тереңдігі - 7 шақырым. 

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Эпицентрі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында болған зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкіну салдарынан Хатай, Газиантеп, Килис, Османие, Малатья, Адыяман, Шанлыурфа, Диярбекир, Адана және Кахраманмараш провинцияларында көптеген ғимараттар қирады.

Все новости