00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Түркияда 185 сағаттан кейін 10 жастағы қыз құтқарылды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 23:00
Айман Нығмет
69

Түркия мен Сириядағы жойқын зілзаладан кейін қиранды астынан аман шыққандар саны сиреп барады. Соңғы мәліметтер бойынша 185 сағаттан кейін 10 жастағы қыз бала құтқарылды, деп хабарлады Elorda.info turknws-ға сілтеме жасап.

Еске салайық, аумақтарда ірі жер сілкінісі 6 ақпанда басталды. Магнитудасы 7,8-ге дейінгі дүмпулер Түркия мен Сирияда ғимараттардың жаппай қирауына әкеп соқты. Эпидорталық аймағында ені 200 метрге жететін жарық пайда болды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, тек Түркияда жүз мыңнан астам ғимарат ішінара немесе толығымен қираған. Мыңдаған адам әлі де үйінді астында болуы мүмкін.

Все новости