00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Түркиядағы зілзала: қазақстандық әйелдің мәйіті табылды

31.03.2023 | 22:56
Елорда ақпарат
114

Түркияның Кахраманмараш қаласында үйінді астынан қазақстандық әйелдің денесі табылды, деп хабарлады Elorda.info СІМ-ге сілтеме жасап.

Құтқару және іздестіру жұмыстары кезінде тағы бір қазақстандық әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оның Жанар Жақсыбекова екенін анықтады.

Қазақстандық дипломаттар отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға, одан әрі Алматыға жеткізуге, қажетті құжаттарды дайындауға барынша көмек көрсеткен. Бүгін мәйіт Талдықорғанға жеткізілді.

Барлық көлік шығындарын мемлекет өз мойнына алды.

Все новости