00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Синдзо Абэні өлтірген адамның есі дұрыс екендігі анықталды

31.03.2023 | 21:47
Айман Нығмет
93

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні атып өлтірген күдіктінің есі дұрыс. Бұл жүргізілген психиатриялық сараптаманың нәтижесінде анықталды, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.

Тецуя Ямагами жабық медициналық мекемеден Нара қаласының полиция түрмесіне ауыстырылды. Ол енді «кісі өлімі» және «қаруды заңсыз иеленгені үшін» сот алдында жауап береді. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 8 шілдесінде сайлауалды митингіде сөз сөйлеп тұрған Синдзо Абэ көпшіліктің алдында оққа ұшты. Саясаттанушының Жапонияны дамытуға қосқан үлесі орасан.

 

Все новости