00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Моңғолияда үш күннен бері жаппай наразылық шаралары өтіп жатыр

31.03.2023 | 20:50
Елорда ақпарат
103

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында халық үш күннен бері жаппай шеруге шығып жатыр. Халықтың жаппай көшеге шығып, наразылық білдіруіне көмір экспортындағы былықтар себеп болған,  деп хабарлады Elorda.info Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұланбатыр қаласының басшысы қаланың орталық алаңы мен Үкімет үйінің маңындағы наразылық акциясына қатысушыларды күшпен тарату туралы жарлық шығарды. Тиісті органдарға шеруге шыққандарды тыныштыққа шақыруға, қажет болған жағдайда күштеп тарату шараларын қолдану тапсырылды.

Ұланбатырдағы шерулер бейбіт аяқталғандықтан, полицияға жиналғандарды тарату үшін күш қолданудың қажеті болмағаны атап өтілді. Осыған байланысты қала әкімі қаулысының күшін жою туралы өкім шығып, полиция қызметкерлері қырағылықты төмендетті.

Сонымен қатар, Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурелсух елде төтенше жағдай енгізудің қажеті жоқ екенін айтты. Оны премьер-министр Лувсаннамсрейн Оюун-Эрдэнэ қолдады.

Все новости