00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Құс тұмауынан 50 миллионнан астам құс қырылған

31.03.2023 | 20:39
Айман Нығмет
112

АҚШ-та биылғы ақпан айында басталған құс тұмауынан 50 миллион 540 мың құс қырылды. Олардың 85 пайызы жабайы қанаттылар, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.

Құрама Штаттардың Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, құстардың қырылуы бойынша бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 2015 жылы тіркелген еді. Елдің 46 штатында қанаттылардың жаппай өлуі АҚШ-та жұмыртқа мен күркетауық етінің қымбаттауына әкелді. Құс тұмауына байланысты мұндай дағдарыс Ұлыбритания мен ЕуроОдақ елдерін де қыспаққа алды. Кейбір британиялық супермаркеттер жұмыртқа сатылымына шектеу қойды.
 

Все новости