Қытайдағы қазақ қызы ең үздік актриса атанды
![](/img/articles/uploads/63623b5431cf6947845334_8bf250926f.jpg)
Қытайлық белгілі өнер жұлдызы Риза Әлімжанқызы Flying Apsaras сыйлығын алды. Бұл туралы Қытайдың The Paper ақпарат агенттігі жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Биыл 33-ші рет үлестіріліп отырған Flying Apsaras сыйлығы – Қытайдың телеөнер саласындағы ең жоғары мемлекеттік марапаты. Риза Әлімжанқызы «Minning Town» телехикаясындағы рөлі үшін «Үздік актриса» номинациясының иегері атанды.
«Minning Town» телехикаясы өткен жылы қаңтар айында Қытайдағы көрермені ең көп бес телеарнада қатар көрсетіліп, жұрт өте жоғары бағалаған еді. Оған Қытайдың Нинся дүнген автономиялық регионының Сихайгу аймағындағы ауыл тұрғындарының кедейлікпен күресі арқау болады. Телехикаяда Риза қазымыр әкенің қатал үкіміне мойынсынбай, тағдырын өз қолына алған қайсар қыз Ли Шуйхуаның бейнесін сомдап, актерлік шеберлігімен көрермендерді тәнті етеді.
Бейжіңдегі Шоуган аренасында өткен сыйлық иегерлерін марапаттау рәсімінде Риза Әлімжанқызы толқып тұрып:
Мен бақытты һәм талайлы жан екенмін. Қазылар алқасына, еңбегімді бағалаған көрермендерге мың алғыс. Өздеріңізге ана тілімде алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер: Рақмет! - деді Риза Әлімжанқызы.
![Қырғызстанда сел жүріп, бес адам қаза тапты](/img/articles/b157bf246ef8d380bfc85b9c44b987e8.webp)
![Елімізде «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді](/img/articles/818aec816672fcf0b48288871fbc9938.jpeg)
![Қазақстандық әскерилер АҚШ-тағы жарыста үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/8dd58e55288277e40fd44eb52f517ad2_1280x720_1594672952.jpg)
![Антарктидада көлемі Түркия елінің аумағындай мұз еріді](/img/articles/uploads/anadoly_c782e38a84.jpg)
![Газа секторындағы 28 қазақстандық елге оралады](/img/articles/uploads/11_photo1702216037_036b8ab41d.jpg)
![Бүгін жүзге жуық қазақстандық Газа секторынан эвакуацияланды](/img/articles/uploads/408012b9_9711_42ca_9ff1_50185c88260b_e9f647645e.jpg)
![Берлин тұрғындары қазақ мәдениеті мен қолөнеріне тәнті болды](/img/articles/uploads/8a34f79e_7928_4692_91a1_009fd84d9d24_cde7ca7ca0.jpg)
![Қазақстандық бітімгерлер Ливанға аттанды](/img/articles/uploads/photo_5361639398128602858_y_90ff992a62.jpg)
![Бейжіңде Әбу Насыр Әл-Фарабиге арналған бюст ашылды](/img/articles/uploads/Dizajn_bez_nazvaniya_3_8a17a6793c.png)
![Тель-Авивтегі Елшілік біздің азаматтарымызбен тұрақты байланыста - СІМ](/img/articles/uploads/IMG_6514_99c12609c5.jpeg)
![Әкесі – маймыл, шешесі – адам: Анголада ерекше бала тұрады (ФОТО, ВИДЕО)](/img/articles/uploads/63eb2b6d3660b552182275_43d3959880.jpg)
![Әлемдегі ең бай адам кім](/img/articles/uploads/oknn_f5e9a975d1.jpg)
![Өнертапқыш әйелдер: Wi-Fi-ды кім ойлап тапты (ФОТО)](/img/articles/uploads/622b1deeb5499661451716_bd135a7d67.jpg)
![«Хабар» Еңбек күніне орай ауқымды телемарафон ұсынады](/img/articles/uploads/a0843644_9e8e_4556_9497_7907662a0dc5_505d844c4c.jpg)
![Елімізде «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді](/img/articles/818aec816672fcf0b48288871fbc9938.jpeg)
![Бір топ адам мысықты тірідей өртеп жіберген](/img/articles/uploads/hthh_83527078c6.jpg)
![Джо Байден шалынып кетіп, оңбай құлады](/img/articles/uploads/ee_f649c543d9.jpeg)
![Қазақстандық әскерилер АҚШ-тағы жарыста үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/8dd58e55288277e40fd44eb52f517ad2_1280x720_1594672952.jpg)
![Қазақстандық бітімгерлер Ливанға аттанды](/img/articles/uploads/photo_5361639398128602858_y_90ff992a62.jpg)
![Антарктидада көлемі Түркия елінің аумағындай мұз еріді](/img/articles/uploads/anadoly_c782e38a84.jpg)